Қазақстандық файтер Қуат Хамитовқа қатысты сот аяқталды.
“Сотталушы бейнероликтерімен тұрғындарды билікке бағынбауға және қолданыстағы заңнаманы бұзуға шақырды. Сот Қуат Хамитовты кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды”, – деді судья.
Хамитовтың өзі кінәсін толық мойындады. Оған қосымша айыппұл салынды. Еске сала кетейік, Қуат Хамитов дезинфекторларды ұрып, тікұшақтарды атуға шақырған болатын.