Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сот Храпуновтардың қылмыстық ісін тоқтату туралы өтінішті қанағаттандырмады

Іс 400 томнан тұрады. Мұның алдында Виктор мен Лейла Храпуновты, Айар Ильясовты сыртынан қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған еді.

Басқа сотталушылар ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен босатылды.

Сот қаулысына сәйкес, Виктор мен Лейла Храпуновтардан өзге сотталушылар Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Яков Заяц, Абай Сапаров, Серик Есмұханов, Айяр Ильясов, Айнакүл Садықбаева, Абдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтың істері қаралуда.

Ерлі-зайыпты Храпуновтар ұйымдасқан топпен бірге мемлекет меншігін ұрлау, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, пара алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша айыпталған.

Қылмыстық әрекеттерден мемлекетке 250 млн АҚШ долларынан астам шығын келген.

Виктор мен Лейла Храпуновтарға, Айяр Ильясовқа сырттай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қалған тұлғалардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алу шарасы тыңдалды. Сот ісіне судья Қасым Қалмағамбетов төрағалық етті.

Алдын ала тыңдауға мемлекеттік айыптаушы мен сотталушылардың қорғаушылары, жәбірленушілер қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз