Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Сот басталды: шымкенттік журналист имамды жалаңаш шешіндіріп суретке түсірген

Оның айтуынша, айыпталушы ретінде Әбдіраман Тұрмағанбетов, Бағила Қадырбаева, Хабидан Рахманбердиев және Анаркүл Сүлеева, ал жәбірленуші ретінде ауыл имамы танылған. Имам аты-жөнін жариялауға тыйым салған.

– Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 147-баптың 5-бөлігі («Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») , 125-баптың 2-бөлігі («Адам ұрлау»), 274-баптың 3-бөлігі («Көрінеу жалған ақпарат тарату»), 293-баптың 2-бөлігі («Бұзақылық»), 311-баппен («Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату») айыпты деп танылған, – дейді судья.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер молданы ұрлап, оны жалдамалы пәтерде күштеп ұстаған және спирттік ішімдікті мәжбүрлеп ішкізген көрінеді. Мұнысымен қоймай олар жәбірленушіні шешіндіріп, фото және видеоға түсірген.

Судьяның айтуынша, “сот жабық өтіп жатқандықтан отырысқа тек айыпталушылар мен жәбірленуші, судья мен хатшы, прокурор және куәгерлерғана қатысады. Сот имам нақты қандай оқиғаға байланысты шағым түсіргенін ашық айтпады.

https://kaz.365info.kz/ontystikte-bir-zhurnalist-moldany-maskharalady-degen-kydikke-ilinip-isti-boldy-298849

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз