Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Соңғы екі аптада Алматыда вирус жұқтырғандардың саны екі есеге артты — Бекшин

Сурет: Sputnik Казахстан

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, егер алдыңғы айларда вирус жұқтырғандардың саны қалаға келушілер мен жаппай тестілеудің есебінен артқан болса,

маусым айында өз бетімен жүгінген азаматтар мен ұйымдарда ауру ошақтарының қалыптасуы себеп болған

Мысал ретінде санитарлық дәрігер «Рахат» кондитерлік фабрикасын (өз еркімен екі аптаға жабылды) және Көк базарды (сот шешімімен бір айға жабылды) келтірді.

Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ұйғарымдары мен талаптарын орындамағаны үшін қалалық әкімдіктің төрт ведомстваның қатысуымен өткен мониторингтік сапар кезінде базарға

1 млн 722 мың теңге айыппұл салынды

Бекшин сондай-ақ, кәсіпорын басшылары қызметкерлерінің денсаулығы қымбатырақ екенін түсінуі керек деп атап өтті. Бұл бүгінгі басты міндет.

— Біз ірі сауда желілерін, азық-түлік және азық-түлік емес базарларды, сауда үйлерін, орталықтар мен фитнес-орталықтардың жұмысын тоқтату бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Әлеуметтік қашықтықты және басқа да санитарлық нормаларды сақтау талабы қойылған көшедегі тамақтандыру объектілерін қоспағанда,  басқа қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тоқтатылатын болады.

Сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің, ХҚО-ның, бизнес-орталықтардың, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылатын болады. Оларға дезинфекциялау жұмыстары өткізіледі.

Адамдар көп жиналатын орындарға — саябақтарға, скверлерге, жаяу серуендейтін көшелерде, алаңдарға, балалар және спорт алаңдарына және туристік орындарға (Медеу, Көк төбе, терренкуралар, Сайран және Есентай өзендерінің жағалауларына) бару шектелген

Үй-жайлар мен оларға іргелес аумақтарды дезинфекциялау ұсынылды. Азаматтар мүмкіндігінше үйде қалуы керек. Бұл бірінші кезекте 65 жастан асқан адамдарға қатысты.

Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Банкет залдары, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, боулинг-орталықтар, кальян және түнгі клубтар жабық күйінде қалады.

Санитарлық қызметтің барлық нұсқамаларының сақталуын бақылау Алматы қаласының полиция департаментіне тапсырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз