Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Солтүстік Қазақстанда 5 жасар бала құтқарылды

Дереу арада аудан орталығы Пресновкадан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Үлгі ауылына құрамында 3 адамы бар КамАЗ автомобилі жолданды. Шақырту орнына Благовещенка ауылынан шыққан жедел медициналық көмек бригадасы қарлы бұрқасынның салдарынан жабылып қалған жолдан жас сәбиге көмекке жете алмаған„ делінеді арнайы хабарламада.

Жоғары өтімді «Вахтовка» биік қар үйінділерінен еңсере өтіп, ауылға бір сағатқа жетер-жетпес уақытта келіп жетті. Олар бес жасар Досымжан мен оның ата-анасын Благовещенка ауылының ауруханасына жеткізді.

Бала шұғыл ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз