Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Солтүстік Қазақстан облысынан Қытай зауыт ашып, өнімдерін шекара асырмақ

Кездесудi ашқан облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы айтты.

«Облыс жылына 500 мың тонна сүт, 90 мың тонна ет, 600 миллион дана жұмыртқа шығарады. Бiз органикалық, экологиялық таза өнiм өндiремiз. Бүгiнде ҚР Үкiметi мен ҚХР арасында бiздiң азық-түлiк өнiмдерiн Қытайға экспортқа шығару бойынша келiссөздер жүргiзiлуде. Өнiмдерiмiздiң сапасы жоғары және бәсекеге қабiлеттi», – дедi өңiр басшысы.

Ерiк Сұлтановтың сөзiне қарағанда, облыста инвестиция аударудың өзге де тиiмдi көздерi бар. Дәстүрлi аграрлық және машина жасау саласынан бөлек, басқа да бизнес-жоспарлар мен бiрлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкiндiктерi көп. Бұл жөнiнде толығырақ облыс әкiмiнiң орынбасары Ратмир Ахметов баяндады.

«Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту мемлекеттiк деңгейде қолдауға ие. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнiмдiлiктi арттыру, мал шаруашылығы өнiмiнiң сапасын жоғарылату саласы субсидияланады. Мал шаруашылығын дамыту кезiнде iрi қара мал терiсi мен жүнiн өңдейтiн өндiрiс ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн шикiзат пайда болады», – деді Ахметов.

Сондай-ақ, облыс әкiмi қонақтарды инвестициялық және кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу бойынша жеңiлдiктер жөнiнде хабардар еттi. Өз кезегiнде Шэньси провинциясындағы Сиань қаласының жалпықытайлық халық өкiлдерi жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чэнь Баогэнь Солтүстiк Қазақстан облысының басшылығына қонақжайлылығы үшiн алғысын бiлдiрiп, солтүстiк өңiрiнiң зор әлеуетiн атап өттi.

«Сiздерге расын айтайын, Қытайда осындай аз уақытта зауыт салынбас едi. Мен Қазақстанның инвестицияларды қабылдау мен дамытуға даяр екенiн көрдiм. Солтүстiк Қазақстан облысына «Айцзю» компаниясының кәсiпорын салуы өңiрдiң ауылшаруашылығы кешенi мен ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеудi дамытуға әсерiн тигiзедi», – дедi ол.

Чэнь Баогэнь қытайлық инвесторлар арасынан да «Айцзю» компаниясы сияқты Солтүстiк Қазақстан жерiнде жобаларды жүзеге асыруға тiлек бiлдiрушiлердiң табылатынына сенiмiн бiлдiрдi.

Кездесу соңында тараптар екiжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов осы кездесу өңiрлер арасында өзара iскерлiк және достық байланыстардың табысты дамуына ықпалын тигiзетiндiгiн атап өттi. Айта кетейік, жақында ғана СҚО-да Қазақстан-Қытай жобасы iске қосылып, «Айцзю» компаниясы Тайынша ауданында майлы дақылдарды өңдейтiн зауыт ашқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз