Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше 68 келіден жоғары салмақтың финалында Берульцева Германия спортшысы Йоханна Кнермен кездесті.
«Шешуші кезеңнің қорытындысы бойынша германиялық каратэші жеңіп, Софья жарысты күміс медальмен аяқтады», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, сондай-ақ Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) да жүлдеге ие болды. Олар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.