Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Өскемен белсенділері уақытша тіркеуге мароторий енгізуді сұрады

Бұл мәселені көші-қон полициясының қызметкерлері 27-қаңтарда халықпен кездесу кезінде талқылаған. Талқылауда үкіметтік емес ұйым мүшелері барлық даулы мәселе шешілмейінше, уақытша тіркеу туралы заң нормаларын уақытша тоқтату керек деп мәлім еткен.

Басылымның келтірген дерегіне сүйенсек, азаматтардың кейбір сауалына нақты жауап беру мүмкін болмаған. Себебі, республикамызда уақытша тіркеудің тәртібін толығымен реттейтін ережелер, бұйрықтар мен басқа да құжаттар әзірге жоқ.

Мысалы, егер адам өзінің саяжайында жарты жыл тұрғысы келсе, оның тіркелу керектігі белгісіз. Егер адам шалғайда орналасқан ауылға қонаққа барса, тіркелу үшін аудан орталығына баруы керек пе?

«Жаңа ереже еліміздің көптеген заңдары мен кодекстеріне түсініспеушілік алып келді. Парламентке, ҚР Ішкі істер министрлігіне уақытша тіркеу нормаларына қатысты мораторий жариялауды сұрап, хат жолдау қажет», – деп мәлімдеді «Бірге» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лидия Ситникова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз