Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Өскеменде жазадан оңай құтылған лауазымды полицейдің келіншегі түрмеге жабылуы мүмкін (фото)

Марат Тұрубаев, Семей қаласының прокуроры:

-Прокуратура бұл іспен толық танысып шықты. Онда оның мас болғаны және жол апатын жасап қашқаны қарастырылмаған. Сондықтан оны босатып жібергеніне қарсымыз. Бақыжанова тиісті жазасын алуы керек.

25 жастағы әйел өлген полицейдің жақындарына материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп, кешірім алған сыңайлы. Соның өзінде Ботагөз Бақыжанованың 271 мың теңге айыппұл төлеп, бостандыққа жіберілуі әділетсіз дейді прокурорлар. Сондықтан соттан көлікті мас күйінде басқарғаны және жол апатынан соң бой тасаламақ болғаны үшін де жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Айта кетейік, қайғылы жағдай былтыр желтоқсан айының соңында болған.

Жаңа жылдық кештен шыққан келіншек жаяуларға арналған жолақпен өтіп бара жатқан Мирхат Отжағаровты қағып кеткен еді. 30 жастағы полиция офицері алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды. Ботагөздің өзі де тәртіп сақшысының әйелі екенін айта кетейік. Осы оқиғадан кейін оның күйеуі Жанболат Бақыжанов Әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметінен өз еркімен кетті. 

photo_174874

 

0106-7

e43a167036a83e64da7abf9ac15d77d2

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз