Өскемен полициясы жолаушыларды қорқытып, телефондарын тартып алған қарақшыны қолға түсірді.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Жексенбі күні түнгі 3-те Потанин көшесіндегі үй ауласында белгісіз ер адам 34 жастағы тұрғынды қорқытып, 100 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алған.
Ал бір апта бұрын Ұлан ауданының 21 жастағы тұрғыны Абай көшесіндегі автовокзал маңында 20 жастағы жігіттен құны 50 мың теңге болатын ұялы телефонды тартып алған.
Полиция барлық ұялы телефонды күдіктіден алып, зардап шеккендерге қайтарды. 21 жастағы айыпкерге қатысты ҚР ҚК 191-бабы, 2-бөлімінде қарастырылған қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады облыстық ІІД.