Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
446
0.00
EUR
480
0.00
RUB
5.4
0.00

“Сіздер оны білмейсіздер”. Эдди Хирн Данияр Елеусіновтің дарнынына тәнті екенін айтты

Қазіргі уақытта Головкинмен салыстырғанда, ол танымалдылығы жөнінен мүлде басқа. Ол ерекше дарын, ол орта салмақтағы әлем чемпионы болады.

 

 

https://kaz.365info.kz/daniyar-eleusinov-kasipkhoj-bokskha-birzhola-auysty-305573

Осы жігітті қалай таптым десеңіздер? Теледидардан оның жекпе-жегін көріп, сол жайлы сұрастыра бастадым. Содан бірден Қазақстанға ұшып келдім, келісімшарт жасастық. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Монакода жекпе-жектер өткізеді. Әлем бойынша өнер көрсетеді.

Еуропалық жанкүйерлердің ғана емес, бүкіл әлемнің бокссүйер қауымының жүрегін жаулап алады”, – деді Елеусіновтің промоутері AB BOXING NEW басылымына берген сұхбатында.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/khalauy-sol-boldy-marat-eleusinov-ylynyn-sheshimine-kharsy-bolganyn-ajtty-305588

 

Айта кетейік, бүгін Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ашық жаттығу өткізді. Отандасымыздың кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) болады. Олардың жекпе-жегі 28 сәуірде Нью-Йорк қаласындағы “Барклайс” спорт кешенінде орта салмақта өнер көрсететін америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасындағы кездесудің андеркартында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз