Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке Қазақстан Президенті болу ұсынылды.
Бұл ұсынысты облыс әкімімен есеп беру кездесуі кезінде Бөкей ордасы ауданының тұрғыны Мұсағали алға тартты деп жазады “Уральская неделя” газеті.
“Сіз өз кезеңіне сай адамсыз, Алтай Сейдірұлы сіз секілді жігіт Қазақстан президенті болса, онда елімізде бәрі жақсы болады”, — деді ол.
Батыс Қазақстан облысының әкімі бұл ұсынысқа қазақтың мақал-мәтелімен жауап қатты.
“Қазақтар: « Құртайын десең, мақта» деп айтады ғой. Менің облысқа басшы болып келгеніме әлі бір жыл болған жоқ, маған әлі де жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер енді…”, – деді әкім.