Ресей қалаларында өтіп жатқан митингтерден бір үміт күтетіндер бар. Олар осы толқудың арқасында Путин тақтан кетіп, оның орнына демократиялық бағыт ұстанатын тұлға келе ме деп үміттенеді.
Келер жылы, немесе тіпті биылдың өзінде Ресейде президент сайлауы өтуі мүмкін. Бұл сайлауға Путинге қарсылас ретінде Алексей Навальный қатысатынын мәлімдеді. Алайда сарапшылар «билік оның жолын кесіп, түрмеге жауып тастауы мүмкін», деп есептейді.
ол Кремльдің Қырымды тартып алғандағы саясатын қолдайтын болып шықты.
Нақтырақ айтсақ, ол аталған аймақтың кімде қалуы керектігін тағы бір референдум өткізу арқылы анықтау керек деп отыр.
– Қырымға қатысты жол картасын әзірлеп, жоғары деңгейде референдум ұйымдастыру керек. Бұған байланысты менің пікірім өзгерген жоқ. Мәселен, қос тарапқа қалағанынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге уақыт берді, әділетті референдум өткізу керек. Біз Қырым тұрғындарының шынайы еркін біліп алғаннан кейін нақты әрекетке көшеміз, – деген саясаткер.
Алексей Навальный бұған дейін бір емес, бірнеше рет Қырымды Украинаға бірден бере салуға болмайды деп мәлімдеген болатын. Ол аталған аймақта 3 миллионға жуық Ресей азаматы тұратынын алға тартады. Оған қарсы пікір ұстанатын қырым татарларының көшбасысы Мұстафа Джемилев «Навальный халықаралық құқықтарды білмей отыр», дейді.
– Менің ойымша, оппозиция өкілінің позициясы барып тұрған сандырақ. Ол негізі, халықаралық құқықтарды жақсы білуі керек еді. Егер референдум өткізу қажет болса, ең алдымен басқыншылар Қырымды босатып, оны Украина иелігіне беруі керек. Украина заңнамасы сақталған жағдайда ғана референдум туралы айтуға болады, – дейді Мұстафа Джемилев.
Осы ретте Навальныйдың Қырымға қатысты теріс пікіріне қарап, Навальный жеңген жағдайда да Ресейдің агрессияны жақтай беретінін байқауға болады.
Иә, Ресейді Навальный сияқты агрессор президент басқарса, қазақ пен орыстың қарым-қатынасы жақсара қоймас.
Негізі, Ресейді Борис Немцов сынды либерал-демократиялық бағыт ұстанатын тұлға басқарғаны жөн еді. Өйткені, ол Ресейдің Қырымды тартып алғанын қатты айыптап еді. Өкінішке қарай, оны қандықол қарақшылар қасақана өлтіріп кетті.