Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Сіз бен біздің “пенсиямызды” кім жеп қойды?

Былайша айтқанда, “Бузгул Аурум” ЖШС-ы банкротқа ұшырар болса 5 млрд. теңгені кері қайтпас еді. Ақша құмға сіңер еді. Бұл сіз бен біздің пенсиямыз.

Мақала жарық көргесін Ұлттық банкке хат жібердік. Әлі жауап жоқ. Есесіне “Бузгул Аурум” ЖШС-ының директоры Найзағарин сотқа берем деп қорқытты.

“2 күн беремін. Кешірім сұрап, жазғандарыңды жоққа шығарыңдар” деді ол. Айтуынша, ақша ұрланбаған.

Бірақ, үлгермеді. Тексеру жүргізген органдар біздің шындықты жазғанымызға көз жеткізді де Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қоры мен “Бузгул Аурум” ЖШС-ының басшылығын қамауға алды,

Алда біраз уақытқа созылатын тергеп-тексеру жұмыстары күтіп тұр.

Ақышев не дер екен?

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорын Ұлттық банк бақылайды. Демек, даудың көкесі әлі алда. Міне, бір апта болды Данияр Ақышев үнсіз. Бірақ, оған бәрібір де осы дауға қатысты пікір білдіруге туралы келеді. Күтейік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз