Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

СІМ Индонезияда ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты

167

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров хабарлады.

“Индонезияның төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ”, — деді Смадияров.

Бұған дейін хабарланғандай, апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 189 адам болған, оның ішінде экипаждың жеті мүшесі бар.

Дүйсенбі күні таңертең Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған Boeing 737 ұшағымен 13 минуттан кейін байланыс үзілген.

Тағы бірнеше минуттан кейін теңіздегі азаматтық кемелерден Батыс Ява жағалауынан ұшақтың сынықтары табылғаны туралы ақпарат түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз