Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Шыңғысханның мүрдесі «Қара әулиеде ме?»

211

Қап тауындағы Қарлы деп аталатын үңгір одан 1320 метрге «таяз». Одан кейінгі орында Альп тауындағы Берже және Жан-Бернар үңгірлері. Тереңдіктері 1298 және 1141 метр. Ал мұз құрсанып жатқан үңгірдің бірі Гренландияда. Тереңдігі 60 метр. Әлемде су астында жатқан ең үлкен үңгір деп Мексиканың Юкатан жарты аралындағы Үлкен үңгір. Оған 13 су асты үңгірімен дәліздер кіреді. Бір қызығы ол кейінен су басып кеткен баяғы үндістердің өркениетке қол жеткізген мая тайпасының бір қаласының орны екен. Ал ең ұзын жер асты жолы Одесса қаласында. Оның ұзындығы 2500 шақырым. Туннель көптеген залдардан тұрады. Кейбірі кейінен жасалып, табиғи үңгірмен жалғастырылған. Бұл жер асты жолдары Ұлы Отан соғысы жылдары жауып тұрған оқтан қорғану үшін кеңес және неміс солдаттарына да көп қызмет атқарғаны тарихтан белгілі.
https://kaz.365info.kz/zhyn-shajtan-degen-osy-ma-bizdin-auylda-bir-tylsym-bar-276224
Ал Римдегі жер асты жолдары 800, Париждегі жер асты жолы 300 шақырымға созылып жатыр. Акустикасы ең жоғары үңгірге Сицилиядағы Сиракузы қаласының маңындағы «Дионис құлағы» деп аталатын үңгір жатады. Мұнда жай сыбырлап сөйлескеннің өзі әр бұрышқа жаңғырып естіліп жатады. Ал айқай салсаң, дауысың зеңбіректің атқанындай дауыс шығарады екен. Сондай-ақ дауысты ұлғайтып шығаратын үңгірлер әлемде жеткілікті көрінеді. Ал ең кең үңгірге АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы Карлсбадск үңгірі жатады. Оның ұзындығы 1300 метр, ені 200, биіктігі 100 метр. Ең түбінде кеңдігі 400 метр болатын алаңы бар.

Ал қазақ даласында да қилы тарихтан сыр суыртпақтайтын, ертегі-аңыздарға арқау болған жүздеген үңгірлер бар.

Қаратаудағы «Қатынқамал», Шығыс Қазақстандағы «Ақ бауыр», Шыңғыстаудағы «Қоңыр әулие» (Қоңыр әулие атты үңгір Баянауыл аймағында да бар) «Бектауата» және т.б. Бұлардың қай-қайсы да өткеннен сыр шертері анық.
https://kaz.365info.kz/olgender-khajtyp-kele-me-auyldagy-ajdarhan-atanyn-okhigasy-275637
Ал Шыңғыстаудағы Қоңыр әулие үңгірі жөнінде де қызықты әңгімелер-аңыздар көп.

Соның бірі жарты әлемді басып алып, ұлы империя құрған, шығыстан шыққан Ұлы қаған Шыңғысханның мүрдесінің осы жерде жатуы жайында. Аңыз солай дейді.

Үңгірдің түбінде тұнып жатқан шағын көлдің тұңғиығында үлкен қара сандық бар, оның ішінде Шыңғысханның жауһар тастарымен алтындары яғни қазынасы осында сақтаулы. Ал қара сандықты ішкім ашып ішіндегісін алмау үшін, сандыққа ешуақытта өлмейтін өте улы қара қоңыздар салынған дейді аңыз.

Қалай айтсақ та, аңыздың өзегінде қаншалықты шындық барын кім білсін, әйтеуір Қоңыр әулие үңгірінің құпиясы әлі ашыла қойған жоқ.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/khydaj-da-bar-zhyn-da-bar-galymdar-transta-zhazylgan-kone-hattyn-mazmynyn-anykhtady-279381

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз