Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Шын айтасыз ба?..”. Универсиада билеті арқылы пәтер ұтып алған қыз жылап жіберді (видео)

Универсиада өкілдерімен әңгімесінде ол 7 жыл бұрын Қызылордадан Алматыға келіп, осында қалуды ұйғарғанын айтып берді. Бірақ ол бүгінге дейін туыстарының үйінде тұрып келіпті, яғни өз баспанасы болмаған. Соңғы 1,5 жылда Жұлдыз банктердің бірінде cash-менеджмент бөлімінде жұмыс істепті.

“Сіз екі бөлмелі пәтер ұтып алдыңыз” деп хабарлағанда, ол “Шын айтасыз ба?” деп, кейін ұтыстың шын екенін білген соң көз жасына ерік берді.

Жұлдыз билетті өзіне емес, әпкесіне алып беріпті. Әпкесі мәнерлеп сырғанау спортын жақсы көреді екен. Жұлдыз 4 билет сатып алып, әпкесіне Денис Теннің өнерін өз көзімен көруі үшін Жаңа жылға сыйлық жасапты. Ал өзі спортқа қызықпайды екен.

“Міне, Жұлдыздың билеті. Тексердік. Жалған билет емес. Ол электрондық төлем арқылы алыпты. Тексердік, Жұлдыздың Универсиадада туысы жоқ, билік құрылымдарында да байланысы жоқ. Осы кісіден сұрап, тексеріп алсаңыздар болады, мұндай бақытты сәттер өмірде болып тұрады”, – деді қызды құттықтаған Универсиада-2017 билеттеу департаментінің жетекшісі Вадим Дергачев.

Осыдан кейін қыз әпкесіне хабарласты. “Марья Ивановна, не ұтып алғаныма сене аласыз ба? Қандай сый күтіп тұрғанын білесіз бе? Екі бөлмелі пәтер! Шын айтамын! Мені мұнда құттықтап, камераға түсіріп жатыр!”, – деп қуанышын бөлісті қыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз