Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шымкенттің әкімі: “Жаппай велосипедке отыруға кеңес беремін”

Шаһар басшысы енді әр күн сайын жұмысқа велосипедпен барып-қайтатынын айтты. Ол таныстырулы рәсіміне костюм киіп келді.

“Мен тек бүгін вело станция ашылуына костюммен келдім. Ал әдетте велосипедке мінсем костюмді шешіп тастап, тек жейде мен галстук тағамын. Ал әйелдер кроссовка кигені дұрыс. Офиске келген соң каблук аяқ киімге ауыстыра салады. Мен негізі жаппай велосипедке отыруға кеңес беремін. Автобуста ыстықтап тұрғанша, тез әрі ыңғайлы жеткен жақсы. Бұл денсаулыққа да пайдалы әрі біраз нәрсені үнемдейді”

– дейді қала басшысы.

Қалада тротуарлар қайта жөнделуде. Велосипедшілердің қауіпсіз жүруі үшін 12 шақырым жол жасалады. Қазіргі таңда төрт станция іске қосылды. Тағы 20 велостанцияда құрылғыларды орнатып, іске қосылуға жақын. Жалпы, қала бойынша 40 станция жасалып, 200 велосипед пайдалануға беріледі.

photo_189634“Қалада тәулік бойы техникалық қызмет жүргізіледі. Мамандар әрдайым велосипедтерді тексеріп отырады”, – деді AstanaBike өкілі Алмагүл Қасымова.

Шымкент әкімдігі велобайктардың қалада көбеюі көлік қозғалысын азайтады деп отыр. Сондай-ақ, қаладағы ең ірі жолдардың бірі де демалыс күндері велосипешілерге берілмек. Жақын күндері сағатына 40 шақырымнан аспау керектігі жайлы жол белгілері де орнатылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз