Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-8
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды

Үй тұрғындарының бірі алғаш болып 20 жастағы қыздың мәйіті табылғанын айтты. Пәтер иесі жалға берілген үйді тексеруге келген кезде жуынатын бөлменің есігі ішінен жабық тұрғанын байқаған. Есікті ашқан кезде жалға алушы қыздың ванна бөлмесінде өлі жатқанын көрген.

Осыдан кейін оқиға орнына полиция шақырылған. Құтқарушылар подъезді аралап, басқа пәтерлерді де тексере бастаған. Тексеру барысында тағы бірнеше адамның мәйіті табылған.

Үй тұрғындарының айтуынша, подъезде газ секілді иіс бірнеше күн бойы сезілген. Алайда олардың айтуынша, бұл жағдайға байланысты ешқандай шара қолданылмаған. Полиция бұл дерек бойынша адам өліміне әкеп соққан қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз