Шымкенттегі Ворошиловка ауылында 14 жастағы оқушыны атып өлтірген 4 күдіктінің біреуі ұсталды.
Қайғылы оқиға орнынан TVK телеарнасы мен Otyrar.kz порталы видео мен суреттер жариялады.
“Төрт күдіктінің біреуі бүгін таңертең көрші Жамбыл облысы аумағында Қордай ауданында ұсталды. Ол 1991 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз, бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Кінәсін толығымен мойындап отыр”, — делінген хабарламада. Өзге де қылмыскерлерді ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.
Ескерту, видеоны психикасы әлсіз адамдарға көруге болмайды! ОҚО Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің өліміне екі адамның қатысы бар, олар анықталған. Қазіргі уақытта қалған үш күдіктілер іздестіріліп жатыр. Тергеушілер қылмыстың арадағы дүрдараздықтан туындағанын анықтағанын айтып отыр.