Шымкенттік дәрігерлер аты-жөні белгісіз жас жігіттің туыстарын тапты. Бес айдан бері облыстық жүйке аурулар диспансерінің қызметкерлері ақыл-есінде ауытқуы бар азаматтың аты-жөнін анықтай алмаған.
Арнайы ауруханаға жабылған баланы «Отырар» телеарнасында көрсетілген бейнематериал арқылы туысқандары танып-біліпті. Қазір ол жақындарының ортасында.
Алдында Шымкентте ақыл-есі кем жігіттің туыстары іздестіріліп жатқанын хабарлағанбыз. Жасы шамамен 20 болатын жігітті полиция қызметкерлері 2016 жылдың 29 қаңтар күні қаладағы көшелердің бірінен кездестірген.
Олар денсаулығында кінәраты бар баланы шұғыл түрде емдеу мекемесіне әкеліпті. Содан бері бес ай бойына бұл жігіттің кім екені белгісіз болып келген.