Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте сәбиін жалаңаш күйінде далаға тастап кеткен көкек ана видеоға түсіп қалды

146

Видеода тастанды сәби дүниеге келген деп болжанған уақытта сыртқы киімінің капюшонын басып киіп алып, жан-жағына қарап, теңселіп жүріп бара жатқан әйелді көруге болады. Ол жедел жәрдем көлігінен жасырынып, бір көліктің қалтарысына тығылады. Одан соң тез медициналық мекеменің қалтарысына қарай бұрылып кетеді. Ол кезде таңғы алакеуім уақыт. Әбден күн шыққанда тура сол бұрыштан емхана қызметкерлерінің бірі жаңа туған күйіндегі жалаңаш сәбиді алып шыққанын көруге болады.

Соған қарағанда осы әйел баланы сол бұрышта туа салып, тастап кетуі мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған шақалақ жаңбыр суында жерде 1 сағаттай жатып қалған. Мұз боп қатқан қыз баланың өмірі үшін дәрігерлер 40 минут алысқан.

Жалғас Үсенханов, анестезиолог-реаниматолог:

“Қарасам терезенің түбінен жаңа туылған нәресте жерде қансырап жатыр екен. Мен бірден қасына жетіп келдім. Денесі мұздай болып, қатып қалған. Жаңбырдың астында жатып қалыпты. Судың ортасында жатқан жерінен көтеріп алдым. Біздің “Дау-мед” медициналық орталығына кіргізіп, көмек көрсеттік.”

Қоқыс маңынан табылған нәресте қазір облыстық перинаталдық орталықтағы жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Қорғансыз сәби өздігінен дем ала алмайтындықтан, әзірге жасанды аппаратқа қосылулы жатыр. Ауыр халдегі балақайға дәрігерлер суық жарақатының синдромы деген диагноз қойып отыр.

Таньяна Кочурова, шала туылған нәрестелер бөлімінің меңгерушісі:

“25 ақпан күні сағат 09:30 шамасында бізге жаңа туылған нәресте жедел жердеммен жеткізілді. Қыздың салмағы 2 келі 700 гр. Жағдайы тым ауыр. Жүрек соғысы баяу. Өздегінен дем алмайтындықтан, жасанды аппаратта жатыр. Қазіргі жағдайы ауыр.”

Қазір осы факті бойынша Абай полиция бөлімінің қызметкері іс қозғап, баласын тастап кеткен ананы іздеу үстінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз