Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Шымкентте прокуратура қызметкері әйелін қызғаныштан өлтірген

301

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ал, қайғылы оқиғаға сотталған азаматтың әйелін үнемі қызғанатыны себеп болыпты. Мамыр айында әйелінің жұмыс орыны, университетке гүл шоқтарымен келсе де жұбайымен әңгімесі жараспай, көптің көзінше кезекті мәрте жанжалдасып қалған. Ашуға булыққан Түркістан прокурорының бұрынғы көмекшісі, қалтасынан пышақ алып, зайыбына бірнеше рет тығып алыпты. Марқұмның артында 3 бала қалды. Соттың айтуынша экс-прокурордың өз ісіне өкінгендігі сондай, тергеу кезінде ол өзіне бірнеше мәрте қол да салмақ болыпты.

“Тергеу изоляторында алғашқы кезде өзін өлтірмекші де болған екен. Өзінің сөзінше марқұм әйел мен сотталушының бұл екінші некесі. Сондықтан, соталушы өз әйелін үнемі қызғанып жүрген екен. Кезекті ұрыс кезінде әйеліне 5 мәрте пышақ сұққан. Өкпесі мен жүрегіне тиген жарақаттан  әйел сол жерде өлген. Өзі бұрыңғы заң қызметкері болған соң кінәсін бірден мойындап, тергеуге көмектесті”, деді  судья Әбинұр Қарабаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз