Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Шымкентте ломбардқа қарулы шабуыл жасалды

Куәгерлер үстіне қара плащ киіп, бетін медициналық бетпердемен тұмшалаған белгісіз ер адам ломбардқа кіріп, кассаға қарай оқ атқан. Атыстан соң ол сыртқа ытқып шығып, қаша жөнелген. Күзетші оны тұра қуғанмен, оған жете алмаған.

Ломбардта істейтін адамның болжамынша, қаскөйдің жарақаттаған келіншекте өші бар болуы мүмкін. Қылмыскерді әзірге ұстаған жоқ. Оқиға орнында жедел әрекет ету тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқиға болған жерде тәртіп сақшылары жұмыс істеуде. Күдікті бойтасалап үлгерген. Алайда қылмыскердің өзімен бірге қандай бағалы заттар алып кеткені белгісіз.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қара плащ пен медициналық бетпердеден тыс ер адамда қара көзілдірік болған. Ол аңшылық мылтығын кассирге кезеніп, алтын бұйымдар мен ақшаны беруді талап еткен. Одан соң оқ атқан ол әйелді жарақаттағанын көріп, қорқып қылмыс орнынан ізін суытқан. Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайын ауыр деп бағалады.

Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз