Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Шымкентте бойжеткенге қол көтерген полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталды

қарсылық көрсетеді, тіпті, оларға қол көтерген.

Кейіннен, жас жігітке оның жанындағы қыз жақтаспақ болады. Куәгерлер түсірген бейнетүсірілімде полиция қызметкерінің қызға қол көтергені түсіп қалған.

Қазіргі таңда қақтығысқа қатысқандардың барлығының жеке тұлғалары анықталып, куәгерлерден бейнетүсірілімдер алынып жатыр. Жетондардағы, дәмханада орналасқан бақылау камерасындағы бейнетүсірілімдер анықталып, зерттеледі.

Шымкенттік Жергілікті полиция қызметі өз қызметкерінің әрекетін ақтамайды. Қызметкерлерге қатысты әрекеттерінің заңдылығын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Нәтижесін хабарлаймыз”, – дейді Данияр Мейірхан.

Полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктінің бір қызды бетінен ұрып, екіншісінің шашынан жұлғанын айтып жатыр. Күдіктіні ұстау кезінде оның жанындағы қыздар полиция қызметкеріне былапыт сөздер айтып, қол жұмсауға дейін барған.

“Екінші куәгерлердің бейнетүсірілімінде қыздың тәртіп сақшыларына жаман сөздер айтқаны көрініп тұр. Бойжеткен, тіпті,

ішкі істер қызметкерлеріне қарсы шығып, олардың погондарын жұлып алған. Погондарын көшеге лақтырған.

Десе де бойжеткеннің бұл әрекетіне қатысты енді тиісті шаралар қолданылатын болады.

Сондай-ақ осы оқиға бойынша қазір Қылмыстық Кодекстің 293- “Бұзақылық” және 380-“Билік өкіліне қатысты күш қолдану” баптарымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды”,- дейді Шымкент қалалық ЖПП бастығы.

Естеріңізге сала кетсек, 27-қыркүйек күні Шымкенттегі дәмханалардың бірінің алдында полицейлер мен жастардың арасында төбелес болған еді. Сол жерде полицейлердің бойжеткенді ішінен ұрғаны видеоға түсіп қалған болатын. Осы көріністі видеоға түсіріп алған куәгер оны желіде бөліскен.

 

https://kaz.365info.kz/shymkent-politsejleri-khyzdardy-ishten-teuip-kolikke-tykhty-18-282008

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз