Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Шымкентте биліктің былығын ашқан кәсіпкерді 10 жылға соттамақ

155

«Полицияға керегі де осы», дейді Нүркен Айнабеков. Өзіне қасақана жала жабылғанына берік сенімді.

Нүркен Айнабеков

Нүркен Айнабеков былтыр 22 желтоқтан күні облыстық прокуратураның алдында үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберген болатын. Бұл қадамға барар алдында ол жергілікті БАҚ өкілдерінің басын қосып, баспасөз мәслихатын өткізген. Тек бұл жиынды ешбір басылым жария етпеген. Ашынған азамат сол кезде шарасыз күйге түстім, деп еске алады. Шындықтың тұншыққанын көргенде, әділдікті еш жерден таба алмасына көз жеткізгенін айтады.

Полиция мен прокуратурадан әділдік таппағанын айтқан Айнабеков, жұрттың көзінше өзіне-өзі от қойып, өзін жан түршіктірер азапқа салды. Айтуынша, тас керең құзырлы органдар оның сөзіне құлақ аспапты. Билікпен бірнеше жылдан бері күресіп келетін азамат полицияға мемлекет қаржысына арандарын ашқан бірнеше дөкейдің атын тізіп берген.

Осы уақытқа дейін ол шенеуніктердің алды Мәжіліс депуттатығына сайланып кетті. Сондықтан абыройсыз қалудан қорыққандар үнімді өшіруге күш салды,

дейді Нүркен Айнабеков.

Өзін-өзі өртеуге бел буған кезде түсірілген бейнетаспада Айнабеков тергеушілердің «өзіңді өртеп жібер» деп «кеңес» бергенін айтады. Ол өзін өлімге итермелеген тергеушілер бүгінгі сотта оның өзін айыптап отырғанын айтады.

Кәсіпкердің қорғаушылары аталған қылмыстық іс бойынша процестік заң нормасының қағидалары бұзылғанына байланысты істі прокуратураға жолдауды сұрады. Адвокат Балжан Үмбетованың Айнабековтың жәбірленуші ретінде танылып, өлімге итермелеген азаматтардың қазір тергеліп жатқанына қатысты бұл сотты тоқтату туралы өтінішін мемлекеттік айыптаушы да, судья да қолдамады.

Мемлекеттік тендермен айналысқан азамат оңтүстіктегі талай билік басшыларының былығын аштым, деп отыр. Өзіне қатысты бұл айыптарды қазынаның қаражатына қол сұғудан арланбайтын ақ жағалылардың әрекеті деп отыр. «Мен бостандықта жүрсем, мұнымен тоқтамайтынымды, әлі талай дөкейдің басын жалмайтынымды біледі олар», дейді Нүркен Айнабеков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз