Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте автобус жолдан шығып кетіп, үш адам қаза тапты

Зардап шеккен азаматтар Қордай ауданындағы ауруханаға және Гвардейский кентіндегі медициналық-санитарлық бөлімге жеткізілген.

Апат салдарынан 3 жолаушы қаза тапқан. Оның біреуі Қазақстан азаматы болса, қалған 2 адам Өзбекстан азаматы. Жалпы автобуста тек 2 жолаушы Қазақстан азаматы болған. Ал қалған жолаушылар өзбекстандық азаматтар екен. Олар Алматыға ақша табуға бара жатқан.

Жолдан шығып кеткен автобус шымкенттік тұрғынға тиесілі. Қазіргі таңда Қордай ауылындағы ауруханада жол апатынан зардап шеккен екі азамат ем қабылдап жатыр. Ал қалған азаматтарға тиісті медициналық көмек көрсетілген соң олар Өзбекстан шекарасына дейін жеткізілген. Кейін қазақстандық тарап азаматтарды өзбекстандық дәрігерлерге тапсырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз