Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-4
USD
431
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.68
0.00

Шымкент жақтан «динозаврдың баласы» табылды (фото+видео)

223

Бас сүйегі мен ақсиған тістері қаз-қалпында. Үлкендігі екі қарыс қана.

Ауыл ақсақалдары топшылап, табылған қаңқаны “динозаврдың баласы” деп айды аспанға бірақ шығарған.

Табыстың бір куəгері Дильшод Хамдамбаев ауыл жұрты кезінде ұқсас қаңқа қалдықтарын жиі табатын, деп отыр. Сүйекпен əлек болғандар тіпті аудандағы мұражай қызметкерлерімен кездесіп те қойған. Шын мәнінде жер астынан шыққан қаңқа динозаврдың бір түрі болып шықса, бүкіл оңтүстікке қонаққа келгендер үшін көрме ұйымдастыруға білек сыбана кірісіп кетіпті. Тапқан “олжаларын” әлеуметтік желі арқылы таратып, ел-жұрттан сүйінші сұрауда.

Алайда елең еткізер жаңалықты оқыған ел Сарыағаштықтардың үмітін су сепкендей басты. Белгісіз хайуанның ұсқынсыз бейнесін мысықтыкіне балап жатыр, жұрт.

Бір қызығы, елдің бұл сөзінің жаны бар. Өйткені осыдан тура 5 жыл бұрын ОҚО Қазығұрт ауданы Амангелді ауылынан да дəл осындай қаңқа табылған болатын. Там соғып жатқан жұмысшылар жарияға жар салып, “динозавр сүйегін” таптық деп бір тойлаған еді.

Бас сүйегі мен тістеріне дейін сол күйінде сақталған қаңқаны көріп облыстық мұражай мамандары бірден оның сүт қоректілер қатарына жатқызды. Зерттей келе жер астынан табылған сүйектің мысықтікі екенін бірден анықтаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз