Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Шымкент мектептерінде орын жетіспегендіктен оқушыларды колледждарға отырғызды

Колледж оларға 4 оқу сыныбын беріпті. Оқушылар үш ауысыммен оқитын болды. №1 қалалық гимназияға осымен үшінші жыл бала ағыны байқалады.

“Жақын маңдағы 5 және 6-мектептерде орыс тілінде оқытпайды. Осыған байланысты мектепке үлкен сұраныс болды, ал біз мектеп ғимаратына барлық оқушыны сыйғыза алмадық. Мектеп жобасы 900 адамға арналған. Бүгінгі таңда мұнда бірінші сыныптарды қосқанда 4 200 оқушы бар. Ал мектеп ғимаратында оқысақ, 4 ауысым болар еді, ал сағат кешкі 9-ға дейін біз балаларды оқыта алмаймыз”, – дейді Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының директоры Гүлназ Әбілдаева.

№ 23 лицейде де осыған ұқсас жағдай болған. Биыл онда 563 бірінші сынып оқушылары келіпті, онда да орын тапшылығы байқалды. Сондықтан оқушыларды көрші мектепке орналастыруға тура келген. Шымкент қаласының білім беру бөлімінде бұл жағдайды ата-ананың көбі биыл жоғары көрсеткіш көрсеткен екі мектепті таңдауымен түсіндірді.

“Биыл тұрғылықты жері туралы куәлікті беру талабы өзгерді және тиісінше басқа ауданда тұратын ата-аналар баласын рейтингі жоғары № 1 және № 23 мектептерге бергісі келеді. Келесі жылға 11 мектептің құрылысы жоспарланды, оның құжаттамалары дайын”, – деп түсіндірді Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз