Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
3
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Шымкент қаласының 9-сынып оқушысы Ақжол Ернұр ең білімді оқушы атанды

111

Турнирдің мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

«Кім білгіш?» ойыны – мобильді қосымша арқылы онлайн өткізілетін интеллектуалды сайыс. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 20 мыңнан астам сұрақтан тұрады. Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан 1500-ден астам оқушы қатысты. Ойын барысында қатысушылар таңдаған тақырыптар бойынша сұрақтарға аз уақыт ішінде жауап беріп отырды. Екі тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар финалға өтті.

Астанада өткен қорытынды сайысқа 10 ойыншы қатысты, олардың ішінен 5 оқушы қазақ тілінде және 5 оқушы орыс тілінде ойнады. Осылайша қазақ тілінде өткен сайыста 1-орынды Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Ақжол Ернұр жеңіп алып, 2-орынға Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқия орта мектебінің 9-сынып оқушысы Байбақты Ерназ және 3-жүлделі орынға Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Лесов Еламан ие болды.

Орыс тіліндегі ойыншылардан 1-орынды Павлодар облысы Ақсу қаласы №14 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Корчагин Данил жеңіп алып, 2-орынға Семей қаласы Білім инновациялық лицейінің 11-сынып оқушысы Кеңесбаев Қайдар және 3-жүлделі орынға Павлодар облысы Ақсу қаласы №14 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Карепов Илья ие болды.

Жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен: ноутбуктар, планшеттер және смартфондармен марапатталды. Финалды турдың қалған қатысушылары: Шымкент қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Мүсәлі Айжігіт, Ақмола облысы Еңбекшілер ауданы Аманкелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жаров Бауыржан, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Маханова Айя, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Жолдасова Назерке дипломдар мен басқа да бағалы сыйлықтарға ие болды.

Іс-шара аяғында жеңімпаздар турнир ұйымдастырушыларына алғыс айтып, келесі жылы жазғы демалыста жоспарланған екінші турнирге қатысуға ниеттерін білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2017 жылы «Кім білгіш?» ойыны ағылшын тілінде де қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз