Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндегелі жүр

311

Өткен ғасырда халыққа жұмақ сыйлап, коммунизм құруды көздеген көшбасшыны дəріптегендер əлі де бар. Жыл сайын жергілікті коммунистер осы жерде бас қосып, Лениннің туған күнін атап өтеді. Гүл шоқтарын қойып, тəу етеді.
Ескерткішті дəріптеп, қастерлеген топ оны мəпелеп шапанын сүртіп тазалап, бəтеңкесін жуып жатады.

Бес гектар алқапты алып жатқан орысша атауы алынбаған “Металлург” бағындағы Лениннің алып мүсінінің бағы жанды. Саябақты жөндеуге қала қазынасынан 102 миллион теңге бөлініп, демалыс орны қайта жөндеуден өте бастады. Жергілікті билік мыс мүсінді жаңартып, Лениннің ғұмырын ұзартты.

Саябақтың жан-жағындағы қаптаған дəмханалар мен сыраханалар жойылатын болды. Олардың орнына жасыл желек отырғызылмақ. Оң шешім делік. Кəсіпкерлерден жерді күштеп тартып алуға атқа мінерлердің билігі жетіп отыр.

Бақтағы жарықтандыру жаңарып, заманауи жаңа субұрқақ пайда болады, деп жария етті қала әкімдігіндегілер.

Тоқырау кезінде жеке қолға өтіп кеткен саябақ қожайыны осыдан он жыл бұрын меншігіндегі мүлкін мемлекетке қайтарып берген болатын. Содан бері демалыс орны қала иелігінде.
Келмеске кеткен көненің көзінің көз қарашығындай қорғап отырған еліміздің бірнеше облысында пролетариат “көсемі” Ленин əлі де қасқайып тұр. Олардың ішінде қазақтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірі де бар.

Сұрауы жоқ күн көсемнің тас тұғырын құлатуға əзірге билік қауқарсыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз