Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шығыста тікұшақ апатынан аман қалған адам депутат болып шықты

Әзірге қауіпсіздік ережелері сақталмады деген бап бойынша іс қозғалған деп хабарлады КТК телеарнасы.

 

SA-341 әуе көлігі сенбі күні апатқа ұшырғанын айта кетейік. Үржардан ұшып шыққан жеңіл тікұшақпен кешкі 18:30 шамасында байланыс үзілген. Қирандылары тек ертеңіне Аягөзден 60 шақырым жерден табылды.

Ғалиасқаров Асқар, Бас көлік прокуратурасының өкілі:

– Іздеу жұмыстарының нәтижесінде табылды. Ұшқыш Петр Устинов көз жұмды. Ішіндегі жалғыз жолаушы дін аман. Ол, Аягөз қаласының ауруханасына жеткізілді. Алған жарақаттары жеңіл болғандықтан өз еркімен үйіне босатылды.

Аман қалған жолаушыны тікұшақ тиесілі компанияның іздеу тобы жексенбі күні тауып, ауруханаға жеткізіпті. Ол 1972 жылғы Аягөз аудандық мәслихатының депутаты, жергілікті жанармай қоймасының басшысы Айтқали Ақбаев деген ақпарат бар.

Ал, ұшқыш Петр Устинов сол жерде қаза тапқан. Оның денесі бүгін Аягөз қаласына жөнелтілді. Ауғанстанда әскери борышын өтеген ұшқыштың артында әйелі мен екі қызы қалды. Марқұм Устинов 2013 жылы да осындай тікұшақты апатты жағдайда қондырып, 4 туристі аман алып қалған болатын.

Депутаттың жекеменшік тікұшаққа мінуіне не себеп екені белгісіз. Дегенмен ШҚО Төтенше жағдайы департаментіндегілер, ол халықпен кездесуге бармақ болған шығар деп болжам айтады.

–  Тікұшақта біздің мәслихаттың депутаты болғанын растай аламыз. Жаңа әйелімен сөйлестік, жағдайы қалыпты, денесінде ешқандай жарақат жоқ. Өзін жақсы сезінеді. Ал өзімен әлі сөйлескен жоқпыз. Ол тікұшақпен көкке неге көтерілді, ол жағын біз білмейміз. Бұл демалыс күндері болатын. Мүмкін бір елді-мекендегі халықпен кездесуі болған шығар, өйткені депутаттар тікелей халықпен жұмыс істейді ғой. Ол полицияға түсініктеме берді ме, ол жағын да білмейміз, – деді Аягөз аудандық мәслихаты аппаратының жетекшісі Айгүл Тұрабаева.

Құлаған тікұшақ Семей қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі – Ғафура Тұрлыхановаға тиесілі болып шықты. Алдында тікұшақта 3 адам болған деген хабар тараған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз