Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Шығыс Қазақстан облысында COVID-ке қатысты жағдай көктемдегіден де ушығып кетті

199
Сурет: Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі

Coronavirus2020 сайтының хабарлауынша, ШҚО-да 31 қазанда  COVID-19-дың 252 жаңа фактісі тіркелді. Бір күн бұрын (30 қазан) – 233, келесі күні (1 қараша) – 245. Салыстырар болсақ, бірінші толқында вирус өршіп тұрған кезде аймақтағы инфекция жұқтырғандардың  рекордтық саны 238 жағдай болған еді.

2 қараша күні таңертеңгі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 10 295 факті тіркеліп, республика бойынша бесінші орынға шықты. 26 мамырдан бастап (яғни 5 айдан астам уақыт) аймақта күн сайын жаңа фактілер анықталуда.

Сонымен қатар, 26 қыркүйектен 27 қазанға дейін бірде-бір адам вирустан емделіп шыққан жоқ, келесі 5 күнде – 74 адам шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19-бен барлығы 8 459 адам  ауырып, 237 адам қайтыс болды. Ал  «белсенді» науқастардың саны (дәл қазір коронавирус жұқтырған) 1 599 құрады. Ал бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 35%-ына тең.

Басқаша айтқанда, дәл қазір COVID-19 жұқтырған әрбір үшінші қазақстандық Шығыс Қазақстан облысында.

Солтүстікке қарағанда оңтүстікте жағдай тұрақты

Жағдай тек жекелеген өңірде ғана емес, жалпы ел бойынша да нашарлауда. 1 қарашада республикада 442 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді. Бір апта бұрын (25 қазан) 140 болған еді. Яғни, бір аптада 3,2 есе артқан.

Сонымен қатар, соңғы үш күн бойы инфекция жұқтырғандардың саны 400 адамнан жоғары. Мұндай көрсеткіштер 15 тамыздан бері тіркелмеген еді.

  • Тек өткен демалыс күндері 907 қазақстандықтан коронавирус анықталды. Соңғы 5 күнде мұндай диагноз 2 мыңнан астам рет қойылды.
  • Күнделікті өсу қарқыны 0,4%. Бұндай деңгей соңғы рет тамыздың ортасында болды.
  •  12 күн ішінде емделіп шыққандарға қарағанда вирус жұқтырғандардың саны артуда.

Ал оңтүстіктегі жағдай біршама тұрақты. Соңғы 5 тәулік ішінде

  • Қызылорда облысында 9 жаңа жағдай тіркелді,
  • Түркістан облысында – 10,
  • Шымкент – 11,
  • Жамбыл облысында– 14.

Бұл республика бойынша осы күндері анықталған фактілердің жалпы санының 2% – дан астамын құрайды. Республиканың солтүстік-шығыс бөлігінде вирус көбірек таралған (Шығыс Қазақстан облысын есепке алмағанда).

Нұр-Сұлтан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының жалпы үлесі шамамен 25%-ды құрайды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз