Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шығыс Қазақстанда табын-табын мал қырылып жатыр

331

Жұт деп жамандық шақыруға болмайтын шығар, бірақ қазір еліміздің шығыс өңіріне қиын болып жатыр. Әсіресе, малмен жанын сақтап отырған ауылдардан дегбір қаша бастады. Мұндағылар малды қыстақта жайылатынына үйреніп алған. Сондықтан күзде аз шөп жинаған. Қыстың қатал болатыны алдын ала ескертілді. Бірақ пенде болған соң адамдар сақтық жасамаған.

“Менің 13 жылқым жоғалып кетті. Өздігінен жүйткитін шанам жоқ. Трактор жалдауға ақшам жоқ. Жаяу іздеу мүмкін емес. Қазір қар құрсауынан шыға алған бірнеше жылқы ауыл маңында жайылып жүр. Ал 10 күннен соң олардың жейтін шөбі қалмайды. Одан кейін келген көмектен пайда жоқ”,- дейді Сарыжал ауылының ақсақалы Қарпық Бекбатыров.

Семей маңындағы 8 ауылда төтенше жағдай жарияланды. Тракторлар шөп тасып жатыр. Бірақ ол жеткіліксіз, өйткені адамдардың барлығы малмен өмір сүреді. Табын-табын мал аш тұр. Көбісі далада жоғалып кеткен. Қазір өлген мал санын дөп басып ешкім айта алмайды.

“Қыс дегеніңіз әлі алда. Ал шөп қоры мардымсыз. 9 мың бас жылқысы бар адамдар бар, жылқы азығын аяғымен теуіп жейді, қыстақта да осындай жағдай, демек жағдай қиын”,- дейді облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин.

“Күні кешке дейін ұйытқыған боран, жолдарды қалай тазалап боламыз, солай боран соғып, қайтадан оны жауып тастап жатыр. Азық-түлік, дәрі-дәрмек жағынан проблема жоқ, оны жеткізіп алғанбыз, қазір малы табындап жоғалғандарға қиын болып тұр. Олар не істерін білмей отыр, қандай көмек жасалу керектігін де ойластыра алмай жатырмыз”, — деді ақсақал Ыбырай Жұмағалиұлы.

Алдағы екі айдың ауа-райы болжамы көңіл қуантарлықтай емес. Сондықтан адамдар әзірден малын сатып, сойып алуды жөн көріп жатыр. Өйтпесе көктемде мал жаппай қырылайын деп тұр. Бұдан шаруалар да жергілікті билік те қорқады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз