Шығыс Қазақстан облысында депо қызметкерлері жүк вагонын тонаған. Келтірілген зиян көлемі – 3 492 059 теңге. Заттай айғақ тәркіленді.
Көлік полицейлері сомасы 3,5 млн теңгеге жуықтайтын тұрмыстық тауарларды ұрлаған локомотив депосы мен әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды BNews.kz.
Тексеру барысында анықталғандай, ұсталғандар жоғарыда аталған тауарды 4 маусым күні «РЗД-Қарақұм» аралығында «ҚХР-Өзбекстан» бағыты бойынша келе жатқан вагон контейнерінен қолды қылған.
Қазір ұсталған 5 азамат қамауда отыр. Аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген айыппен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.