Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

ШЫҰ кеңістігінде жүргізілген шекаралық операцияның қорытындысы шығарылды

«Единство – 2016» біріккен шекаралық операциясы бір айдан астам уақытқа созылды деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Осы операция аясында өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар 58 заң бұзушыны ұстады, олардың 5-і -Қазақстан азаматы, 1-і – Ресей, 34-і – Өзбекстан, 8-і – Қырғызстан, 3-і – Қытай, 4-і- Украина азаматтары болса, ал Аргентина, Үндістан және Моңғолия елдерінен бір-бір адамнан ұсталды. Бұдан бөлек, операция барысында заңсыз айналымда жүрген аңшылық қаруға арналған 93 оқ-дәрі анықталды.

Ал, осы уақыт аралығындағы деректерге келетін болсақ: барлығы 2100 адам ұсталса, олардың кейбіреуінен 83 грамға жуық есірткілік зат «гашиш», 50,5 килограмнан астам марихуана және 100 түп қарақоға өсімдігі тәркіленді.

Бір айдан астам уақытқа созылған операция барысында заңсыз қару-жарақ, электрошокер, зергерлік заттарды, қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді, халық тұтынатын тауарларды, дәрі-дәрмектерді, спирттік ішімдіктерді, азық-түлік түрлерін, ірілі-ұсақты малды, сондай-ақ 5 дана еліктің етін заңсыз шекара асырмақ болғандар қолға түсті.

Өзен-су, теңіз жәндіктерін заңсыз аулаушылар да шекарашылар назарынан тыс қалмады. Атап айтқанда, операция барысында 34 килограмм су шаяндарын, 28 дана немесе 26 килограмнан астам бекіре балығын, 61 дана немесе 423 килограмм бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Шекарадан өту барысында қалтасындағы қаржыларын жасырғысы келгендер де болды. Операция барысында барлығы 79 300 АҚШ доллары, 7 700 қытай юаны және 1 237 000 теңге алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз