Осы сауалға жауап іздейміз деп мәлімдейді Алматы телеарнасы.
Шымкент театрінің әртісі Беріктің жұбайы Қарлығаштың айтуынша, екеуі кастингте танысқан көрінеді.
Алғаш рет Берікті көргенде әзілдері арқылы халықты күлкіге қарық қып тұрған түрік жігіті кім деп ойлаған. Кейін бір театрға қабылданып. Танысып, білісіп кеткеннен кейін шырайлы Шым-қаланың қарапайым қазақ жігіті екенін білген. Екеуі сырлас, өте жақын дос болған. Бірақ, көп ұзамай жан достардың достығы махаббатқа ұласқан. Қарлығаштың әлі есінде 1999 жылы 7 сәуірде Беріктің қызы болуға ұсыныс жасағаны.
«Маған қызым боласың ба,- деп ұсыныс жасады. Басында таңғалып қалдым. Себебі, Беріктің ауылына гастрольдік іс-сапармен барғанымызда анасына мені балаңызға келінғып алып қалсаңыз деп қалжындаған болатынмын», – деді Қарлығаш.