Қазақстанның өзен-көлдерінде бір тәуліктің ішінде 4 адам суға кетті.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Мәселен, 25 маусымда сағат 19.30-да Павлодар облысының Баянауыл ауылында құтқарушылар күзетпейтін Сабындыкөл көліне суға шомылу кезінде 1968 жылғы ер адам суға кетті. 19.40-та ер адамның денесін куәгерлер судан шығарып алды.
25 маусымда сағат 21.40-та Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Шыңқожа ауылында құтқарушылар күзетпейтін Таловка өзенінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылы туған бала ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кетті. Баланың денесін куәгерлер сағат 19.45-те судан шығарып алды.
Бұдан бұрын хабарланғанндай, 25 маусымда сағат 11.20-да Петропавл қаласы маңында құтқарушылар күзетпейтін алапта Есіл өзенінде шомылып жүргенде 2007 жылғы қыз бала суға кетті.