Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Шіріген бай”. Лас Вегаста қанды қырғын жасаған адамның кім екені белгілі болды (фото)

166

Бұл туралы Вести.Ru хабарлады. Оған қоса қаскөйдің көңіл қосқан серігі Мэри Лу Дэнлидің де басылымдарда суреті жарияланды.

Стивен Пэддок Невада штатындағы Мескит қаласында қарттарға арналған коммунасында 62 жастағы сүйіктісімен тұрып жатқан (Лас-Вегастан шамамен 130 шақырым жерде). Ер адамның онда 2015 жылы 369 мың долларға сатып алған үйі бар екен.

Сонымен қатар,

оның байқуатты адам болғаны айтылады. Оның үйімен қатар, екі жеке ұшағы бар екен,

ал 2003 жылы пилот лицензиясын алған. Оның аңшылық пен балық аулауға да рұқсаты болыпты. Қазіргі уақытқа дейін ол заң бұзбаған. Бастапқыда ол Lockheed Martin компаниясында аудитор болып жұмыс істепті. Ол әскерде болмаған. 28-қыркүйекте Пэддок көңіл қосқан серігінің құжатын пайдаланып, Mandalay Bay қонақүйінің 32-қабатындағы нөмірін жалдаған, сол жақтан оқ атқан делінеді.

Washington Post газетінің жазуынша,

адамдарға оқ атқан Стивен Пэддок бірнеше рет банк тонаған қарақшының ұлы екен.

Басылымның мәліметінше, Бенджамин Хоскинс Пэддок түрмеде 20 жыл отырғаннан кейін қашып кеткен. Оның әкесі 1969 жылы ең көп іздеуде болғандардың тізіміне еніпті.

Ал Пэддоктың бауыры отбасының бұл оқиғадан есеңгіреп отырғанын айтады.

“Стивен мұндай жасайды деп ойламағанбыз. Қарапайым жігіт еді. Бірдеңе болғанға ұқсайды”, – деп келтіреді оның сөзін Daily Mail.

Еске салайық, 1-қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. Полиция оның ізіне түскенде ол өз-өзін атып, мерт болды.

ДАИШ Лас-Вегастағы қырғынды өз мойнына алып, бірнеше ай бұрын Пэддок өз ұйымдары қатарына қосылғанын мәлімдеген еді. Дегенмен АҚШ Федеральды тергеу бюросы (ФБР) атыстың ДАИШ-қа қатысы жоқ деп табандап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз