Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әшірбек Көпішев: «Қызтекелер, педофилдер тақырыбынан қашуға болмайды!»

662

Бұл туралы жазушы-публицист Әшірбек Көпішев Алматы телеарнасының „Өткір тіл„ бағдарламасындағы сұхбатында мәлім етті.

Менің қазір көріп отырған әлемім екі дүниенің арасында тұр. Күллі адамзат ішкі дүниесінен, сыртқы болмысынан, иманынан айырылғысы да келеді, айырылғысы да келмейді. Мұндай жағдайда қоғам шатқалақтап, әлем шайқалақтап елдің, әлеуметтің тағдыры таразы басында қылтылдап тұрады. Қазір біз сол жолға келдік…

Қазір әр елдің қақпасын тепкілеп, ұрғылап жатқан мен деген өркөкірек мәдениеттер. Ол ақырындап лықсып еніп те жатыр. Бұл – заңды құбылыс. Заңды даму…

Кеңес үкіметі құрыды, ендігі кезек – азғындаған қоғамдікі

Кезінде Кеңес үкіметі деген болды. Қазақтың басына темір қалпақ кигізіп, үстіне темір сауыт салып, тепкілеп өсіріп, теріс жіберді. Тіпті, олар біз секілді ұлттарды тарихтан алып тастағысы келді. Бірақ Алла-Тағала оны орнына қойды.

Енді біз басқа заманға аяқ бастық. Әрине, көш бастауында тұрған елдерде материалдық жағдай жақсы. Бірақ біз үлгі алатын, ізінен басқан мықты дамыған елдерде еркектер мен еркектер, әйелдер мен әйелдер үйлене бастады.

Демек, материальдық жағдайы жақсы болғанымен, ондағы руханият үстелдің бетіндей жап-жалтыр, тып-тыйпыл.

Құранда Алла-Тағала тура осындай төмендеуге барған елдің, тайпаның көзін жоямын дейді. Ол күн де туар.

Ал біз өз ұрпағымыз сол лекке ілінбес үшін, құрдымға кетпейік десек, одан сақтанудың амалдарын жасауымыз керек. Бұл – бүгінгі күннің қауіп-қатері.

Осындай азғын құбылыстардың дәнегі біздің де қоғамға түсіп кетті. Оларды елемей, ол туралы сөз қылмасақ, қазақтың санасы, өмірі бұрынғыдай болады десек, қателесеміз.

Бір адам немесе бес адам атқа қонып, аттандап ештеңе бітіре алмайды

Қазіргі заманның басты тірегі – имандылық, ұят.

Қазір белгілі бір деңгейде қазақты, түркі әлемін сақтап тұрған да осы имандылық. Бірақ оған да шабуылдап жатқандар бар. Ондағы мақсат – тұрғылықты халықты азғындап, көзін құрту, сөйтіп жерін тартып алу.

Мұндайда қоғамның рухани тұрғыда тез дамып, толысқаны керек. Бір адам немесе бес адам атқа қонып, аттандап ештеңе бітіре алмайды. Олар ештеңені өзгерте алмайды. Өзгерте алатын, тек қоғамның лықсуы, қоғамның толқуы. Ал оған, яғни қоғамның талап-тілегіне, мұң-мұқтажына мемлекет жауап бере алып жатыр ма?

Бұл арада біртұтастық болмай, сырттан келген қауіп-қатерге қарсы тұру мүмкін емес.

Соны халық та, билік те дұрыс түсінуі керек.

Қазір қазақтың тілін, қазақтың мәдениетін сақтап қалу туралы халықпен ашық талқылау керек

Үштілділік бойынша Ерлан Сағадиевтің оқыған баяндамасын соңына дейін тыңдап шықтым. 45 минут бойы.

Ол кісінікі дұрыс. Идеологиясы жақсы. Бірақ ол айтып отырғандардың қоғамда тетігі жоқ. Бар мәселе осында.

Негізінен, қазір қазақтың тілін, қазақтың мәдениетін сақтап қалу туралы мәселе ашық көтеріліп, халықпен ашық талқылануы керек. Ұлттық концепция жасалып, Парламентте талқыланып, жалпыхалықтық дауысқа салуға берілуі керек.

Қазір қазақта ұлттық платформа болмайынша, осыған дейінгі елдігіміз үшін күресіміз суға кеткенмен бірдей болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз