Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

Шетелдік миллионерлер Назарбаевқа мұңын шақты

Тәуелсіздік сарайына жиылған бизнесмендердің бәрі  экономиканың бір бұрышын тіреп тұрған мықтылар. Елбасы Қазақстан нарығына миллиардтаған доллар құйып отырған ірі шетелдік компаниялардың жетекшілерін осылай төрге шығарып, ризашылығын білдіріп айтып отыруды ұмытқан емес.

“Қиын жылдарда бізге ақыл-кеңес бердіңіздер. Сіздермен бірге шенеуніктеріміздің нашар жұмысын реттеп, заңнамаларымызды түзетіп отырдық. Сіздерсіз аяқтан тұруымыз мүмкін емес еді. Сол үшін сіздерге зор алғысымызды білдіреміз”,деп алғысын білдірді Елбасы.

Айталық, осы күнге дейін бүкіл инвесторлардың еліміздің нарығына құйған қаражаты 300 миллиард долларға жетіп жығылған. Әйтсе де олар  бізде адами капиталдың дамуына күш салу керектігін айтады.

“Еуропалық қайта құру және даму банкінің сіздің елге құйған ақшасы 9 миллиард долларды құрайды. Бірақ, мәселе ақша көлемінде емес. Біз осы қаражат арқылы елде жасыл экономиканың жетіліп, өңірлердің дамып жатқанына қуаныштымыз”,- деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти.

«Жеделдетілген жаңғырту» деп аталған отырыстың жөні бөлек. Өйткені, шетелдік инвесторлар  осы отырысқа Жоғарғы Сот төрағасының қатысуын сұраған көрінеді. Сөйтсе, олардың мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарына айтар назы бар екен.

“Біздің соттарымыз керемет емес, оны мойындаймыз.

Бірақ, Президент инвестициялық сот төрелігін енгізді. Соның нәтижесінде, инвесторларға қатысты қаралған 40 істің 38 пайызы солардың пайдасына шешілді. Бұндай көрсеткіш халықаралық арбитражды соттарда да жоқ”,-деді ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов.

Президенттің мәлім еткені, еліміз соңғы он жылда 3 мың шақырым теміржол, 6,5 мың шақырым автожол, Қытаймен шекарада логистика торабы мен батыста теңіз порттарын салған. Соның бәрінде инвесторлардың берген жәрдемі орасан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз