Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Шешесі менің қасымда”. Зорланды деген баланың адвокаты аттандап жатыр

112

Бала мен оның әжесінің адвокаты Бауыржан Азанов істің, шын мәнінде, қалай болғанын 365info.kz медиапорталына берген арнайы эксклюзивті сұқбатында әңгімелеп берді.

Бауыржан Азанов, сурет bureau.kz сайтынан алынды

https://kaz.365info.kz/khatelik-ketti-bala-oorlygyna-bajlanysty-shendiler-zhymystan-ketti-306706

Вокзалдағы дүрбелең

— Бауыржан, сіз Facebook-тағы парақшаңызда баланың әжесі сіздің көмегіңізден бас тартуы мүмкін деп жазған едіңіз. Бұл отбасы әлі сіздің қорғауыңызда ма?

— Иә, дәл солай.

Сіз бен әжейдің арасында жасалған келісім бар ма?

— Әлбетте, ондай келісім бар.

Сіз оларға неліктен ақысыз негізде көмек көрсетіп жатырсыз және сіз бұл іске қалай тап болдыңыз?

— Бұл оқиға көпшілікке өткен аптада тарала бастады. Сараптаманың ешнәрсе көрсетпегені және басқалары туралы жазыла бастағанда, мен болып жатқандарды бақылауға алдым. Әсіресе, мені құқық қорғаушылар мен адвокаттардың бұл іске қалай қарайтыны қызықтырды, бірақ ешқандай реакция болмады. Сол кезде мен бұл істі өз қарауыма алу туралы шешімге келдім. Мен қазір күн мен түнді алмастырып алдым, бірақ бұл 13-наурызда болған сияқты.

Оларды сіз жалғыз қорғап жатырсыз ба, әлде тағы біреулер бар ма?

— Адвокат мәртебесінде менен басқа ешкім жоқ. Қалғандары – сенімхат негізінде бала әжесінің мүддесін білдірушілер. Олар іске қалай араласты дейсіз бе? Поездан түсіріп алу оқиғасы басталғанда, ол жақта не болғанын білесіз бе?

Мен ол кезде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінде болған едім, ал вокзалда нағыз дүрбелең орын алды. Халық бақылау-өткізу бекетіне жинала бастады, ол жерге адвокаттар Дәурен Момбаев пен Ғалия Алдиярова, заңгер Болат Досыбеков келді. Біз ол жерде 4 сағат болдық. Одан кейін бізге әжей мен баланы кәмелетке толмағандардарға арналған орталыққа алып кеткені туралы айтылды, ал ол қаланың мүлдем басқа шетінде орналасқан. Онда барсақ, ешкім ештеңе білмейді, ешкім әкелінбеген болып шықты.

https://kaz.365info.kz/yj-beremiz-khatyramyz-zagipa-balieva-7-zhasar-balany-blogerlerge-bermej-khojdy-306630

Сол кезде бұл ақпараттың көпшілікті алдаудың амалы екенін түсіндік. Біз таң атқанша сандалдық. Біресе, «баланы анда апара жатыр, біресе, мұнда апара жатыр» деген бей-берекет ақпараттар болды. Менің ойымша, осылай бізді мазақ қылды.

Оңалту орталығына апарған жоқ

— Ал, шын мәнінде, бала қайда апарған, оңалту орталығына ма? Шынымен, баланы әжесінен ажыратқан ба?

— Жоқ, оларды ажырату мүмкін емес-ті, әйтпесе бұл қызметтік лауазымды асыра пайдалану болушы еді. Неге? Өйткені Азаматтық кодекске сәйкес, ата мен әже де жақын туыстары санатына жатады.

Бұл жерде әжейдің немересін қамқорлыққа алуды рәсімдегені немесе рәсімдемегені маңызды емес. Қандай жағдай болса да ол кісі жақын туыс болып қалады.

Менің жіберген қатем – мен қызметкерлердің «әжей мен баланы кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталығына апарды» деген сөзіне сендім. Дегенмен ол кезде менің ойыма «егде әйелді кәмелетке толмағандар орталығына қалай орналастырады» деген ой келген-ді.

Астана алдап кетті

Қазір бала мен әжей қайда?

— Астанадағы пансионатта. Оларды ешкім бір сәтке де ажыратқан жоқ. Олар әруақытта бірге болды. Қауіпсіздік мәселесіне келетін болсақ, олар ешкімнен жәбір көрген жоқ, мен бұған сенімдімін.

Сіз осы іске араласқаннан бері, баламен және оның әжесімен неше рет жеке кездестіңіз?

— Осы іске кіріскеннен бері, 3-4 рет кездестім.

Шешесі қайда?

Баланың анасы қайда? Неге ол туралы ештеңе айтылмайды? Мен ол кісінің өзінің қатысуынсыз қандай да бір тергеу амалдарын жүргізуге қарсы екені туралы оқыдым, бірақ оның сөзі әйелдің баланың қасында емес, алыстан айтылғандай әсер қалдырды.

— Дұрыс айтасыз, ол бала мен әжейдің қасында емес. Ол да біз сияқты баланы кімнің, қайда алып кеткенін, қазір қайда екенін білмейді. Ертең (16-наурызда. — авт.) ол менімен бірге Астанаға ұшады, сол жақта мен оның баласымен кездесуін қамтамасыз етемін.

https://kaz.365info.kz/zagipa-balieva-shymkenttik-balanyn-okhigasyn-zheke-bakhylauyna-aldy-306536

Сіз ол кісіні бұрын көрмеп пе едіңіз?

— Жоқ көрген жоқпын, тек телефон арқылы сөйлескем.

Осы уақытқа дейін ол қайда болған? Өйткені әжейдің полиция мен мектептен көмек сұрағанына біраз уақыт болды ғой.

— Оны айта алмаймын, Білетінім, ол Алматыда жұмыс істейді. Бұл отбасында тек әйелдер болғандықтан, әкесі жоқ, олардың тұрмыс жағдайы мәз емес. Ол барлық тапқан табысын үйдегі әжей мен туыстары тарықпауы үшін, соларға жіберіп отырған.

— Ал баласымен қашан соңғы рет көріскен?

— Мен оған мұндай сұрақ қойғам жоқ. Бірақ, шамамен, жақында кездескенін білемін.

— Сонда ол баласының жәбір көріп жүргенінен бейхабар болған ба?

— Бұл туралы айта алмаймын, білмеймін. Бұл мәселе туралы еш нәрсе алмаймын, өйткені білмеймін.

Жәбірлеушілер бостандықта жүр

— Ал болжамалы жәбірлеушілер тарапынан қандай да бір әрекеттер жасалып жатыр ма?

— Туыстарының бірі олардың үйіне басып кірмекші болған оқиға орын алған-ды. Олар бір-біріне жақын тұрады.

Тергеу ол адамдардың барлығын анықтады ма?

— Бұл тергеу құпиясы? Оны жария етуге менің құқым жоқ. Қазір мен де жіті бақылауға алынғам.

https://kaz.365info.kz/symyrajlar-auyl-akhsakhaly-zorlangan-bala-turaly-symdykh-faktilerdi-ajtty-306449

Жәбірлеушілер туралы не белгілі?

— Былай айтайын, олардың кім екенін барлығы біледі.

Яғни, сіз бүкіл ауыл туралы айтып отырсыз ғой?

— Бұл ауыл, ал онда барлығы бәрін біледі – сөз жерде жатпайды.

Сонда шу басталмай тұрып барлығы оқиғадан хабардар болған ба?

— Әлбетте. Мұны барлығы баяғыдан білген, тіпті, кәмелетке толмағандар мен кішкентай балалар да. Жаңалықтарда жасөспірімдердің бірінің әкесі осы айыптарды уайымдап, қайтыс болғаны туралы айтылған-ды. Бірақ баланың әжесі маған ол адамның 14-наурызда қайтыс болғанын және марқұмның уайымнан өлгені бос сөз екені туралы нақты айтты. Ол бір нәрсені уайымдайтын, қайғыратын күйдегі адам емес екен.

«Көкелері» бар

Сонда олар кім, өзіМұның барлығы 2016 жылы басталған деген әңгіме айтылып жатыр ғой.

— 2016 жылдан деген туралы мүлдем ештеңе білмеймін.

— Зағипа Балиева өзінің сұқбатында алғашқы көмек сұрау 2016 жылы тіркелгенін айтты.

https://kaz.365info.kz/senbejmiz-khogam-belsendileri-zorlangan-balany-tauelsiz-sarapshylarga-teksertpek-306404

— Балиеваның не айтқанын білмеймін.

Әжей не деді?

— Барлығының 2017жылдың тамыздың соңы мен қыркүйектің басында басталғанын, өзінің көмек сұрап, жергілікті полицияға жүгінгенін, ал тәртіп сақшыларының істі созбалаңға салғаны туралы айтты. Тіпті, ол кісіні бақылау-өткізу бекетінде ұстап, бөлімге кіргізбеген. Менің бір түсінгенім бұл мәселе оңтүстік үшін сөз қозғауға өте бір ұят, масқара дүние сияқты көрінді. Өйткені

Атап айтарлығы, полиция бұл мәселені біреу оларға ақша бергені үшін емес, «ауылдың атына ұят келеді, елге масқара боламыз»  деген қауіптен көтермеген сыңайлы

Сондықтан ешкім қозғалмаған. Маған жергілікті тұрғындар айтқандай, бұл ауылдың барлық мәселесін «реттеп» отыратын дөкей «көкелері» бар екен. Ал ана бұзық балалар сол «көкелердің» туыстары көрінеді.

— Ал ол жасөспірімдердің жасы нешеде? Олардың жас шамасы қылмыстық жауапкершілікке тартуға келе ме?

— Мен олардың атын да, нақты жастарын да білмеймін.

Неге анықтамадыңыз?

— Менде мұның барлығы бар, бірақ маған олардың өздерін көрсетпей отыр.

Тығып қойған ба?

— Жоқ. Олар ауылда емін-еркін жүр.

https://kaz.365info.kz/symyrajlar-auyl-akhsakhaly-zorlangan-bala-turaly-symdykh-faktilerdi-ajtty-306449

Яғни, қамауға алынбаған ғой?

— Әрине, алынған жоқ, кім оларды қамайды, олар жасөспірімдер болса? Әжейдің айтқанынан түсінгенім, олар – 7-8-сынып оқушылары. Олардың бірі 13 жаста болса, басқалары 15-ке толғандар.

Омбудсмен іске неге араласты?

Сонда қанша бала жәбір көрсеткен? Айтылып жатқан ақпарат әртүрлі – біреу 4 десе, енді біреу 6 дейді.

— Менің қолымда да сол ақпарат. Егер баладан, ең болмағанда, бір рет толыққанды жауап алынғанда, қандай да бір нақтылық болушы еді. Мен іске тек 13-наурызда кірістім, қазір мән-жәйді анықтау үстіндемін.

Қазір бала мен әжей Астанада. Зағипа Балиеваның сараптама өткізу туралы жоспары жүзеге асырылып жатыр. Бірақ бала қайда және қандай сараптамадан өткізіледі?

— Бұл тергеу құпиясына жататын мәлімет? Мен оны жария ете алмаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз