Қазақстандық «Шатырдағы екеу» көркем фильмі Мәскеуде өткен Fashion Film Festival байқауында тоғыз бірдей марапатқа ие болды. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Латвия, Армения және Израиль елдерінен қатысушылар бақ сынаған фестивальда отандық туынды үздік костюм, музыка, грим, операторлық және дыбыс режиссурасы, актерлік жұмыс, креативті идея секілді номинациялар бойынша үздік деп танылды.