Шымкентте Жұмыспен қамту орталығының дәретханасында бір әйел өз баласын ұрып тастады. Желіде бұл көріністің видеосы да тарап кеткен.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденованың сөзінше, қазіргі уақытта әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қарсы қойып жатыр…». Үлкен қызы Абай Бегейді шілдеханаға шақырмай, жүрегін ауыртты
Ал видеоны жариялаған желі қолданушысы оқиғаның Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығында болғанын жазды.
«Бұл бүгін Шымкенттегі Жұмыспен қамту орталығының дәретханасында болған жағдай. Әйел баланы теуіп, оны қорғағандардың бәріне дөрекілік танытты», – дейді ол.
Видеоны мына арадан көре аласыздар.
«Сонда бассейнге қашан барам?..». Немерелерін баққысы келмейтін әжей ағынан жарылды