Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шахан көмек акциясын қозғаушы әлеуметтік желі қауымдастығынан көмек сұрайды

Бұл туралы ол Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

“Құрметті достар! Астанада Мұрат Әбенов, Ақберен Елгезек, Талғат Борн, Ғалым Байтук, Baituk, Дина Елгезек, Берік Әбдіғалиұлы, Нұрлан Досымов  Нурлан Досумов сынды азаматтар – бәріміз Шахан ауылына гуманитарлық көмекті жөнелтуді ұйымдастырып, оның басы-қасында болдық. Бірінші көмекке қажетті азық-түлік пен басқа да заттарды тағы да  дайындап жатырмыз. Алайда зардап шеккен отандастырымызға әлі де қосымша көмек қажет.

Біз Астанада баспанасынан айырылған азаматтарға ақша жинауды ұйымдастырмақпыз. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Павлодар сынды басқа қаладардағы азаматтарға да өтініш, қақаған қыста қиын жағдайға тап болған аға-бауырларымыз бен әпке-қарындастырымызға көмек қолын созалық” делінеді жазбада.

Саясаттанушы қиын жағдайға тап болған адам үшін кез келген көмек түрі пайдалы екенін баса айтады.

“Шот ашылды. Сол шотқа мүмкіндіктеріңізге қарай ақша аударсаңыздар. Кез келген сомада.  мың теңге, 2 мың теңге, 10 мың теңге дейсіз бе?.. Адамдар бәрін жоғалтты: баспанасын, құжаттарын, киім-кешегін, төсек-орнын дегендей. Егер көмектессеңіз әлеуметтік желіде #Шаханкөмек хаш-тегін пайдалануды сұраймыз, сонда бәріміз халқымыздың жанашырлығы мен қайырымыдылық деңгейін де байқап, оны насихаттай алар едік” дейді акция бастамашысы.

Еске сала кетелік, 1-қаңтарда түнге қарай Қарағанды облысы Шахтинск қаласы, Шахан ауылындағы бес қабатты тұрғын үйдің жертөледегі қазандығы жарылып, үйдің бір бөлігі опырылып түскен. Салдарынан 9 адам мерт болды. Зардап шегіп ауруханаға түскендер де бар. Төтенше оқиға салдарынан баспанасыз қалғандар ауылдың балабақшасы мен мектептеріне уақытша орналастырылған. Облыстық әкімдік олардың пәтермен қамсыздандырылатынын айтқан, бірақ үкіметтің емес, кәсіпкерлердің жинаған ақшасы есебінен деп еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз