Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шахан ауылында қираған үй тұрғыны: “Жылу қазандығы бұрын да жарылған…”

Қарағанды облысының Шахан кентінде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың бір бөлігі балабақшаға, ал қалғандары туған-туыстарына орналастырылды. Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының жедел әрекет еткенін де айта кету керек. Қазір 9 адамның өмірін қиған Шахан кентіндегі үйдің опырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Шахан кентіндегі бұл үйлер көп жылдан бері жертөлелерінде орналасқан дербес қазандық арқылы жылытылады.

Көршілес үйде тұратын Тамара Терещенко – үйдің опырылып түскенін алғашқы болып көргендердің бірі. Ол мұндай оқиғаның бұған дейін де болғанын айтады.

Тамара Терещенко, Шахан кентінің тұрғыны:

– Осыдан 4-5 жыл бұрын №7 үйде қазандық жарылған болатын. Бірақ ол кезде барлығы аман қалды. Негізі орталық жылуды 2014 жылы қосамыз деп уәде берген еді. Алайда әлі күнге дейін жеке қазандықпен отырмыз.

Шахан кентіндегі апатқа байланысты әкімдікте құрылған жедел штабта «Шұғыл желі» телефоны жұмыс істеп тұр. Қазір қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар елді мекендегі балабақшаға орнастырылды. Түнде басталған іздестіру жұмыстарын құтқарушылар бір сәтте тоқтатқан жоқ. Оған 280 адам мен 16 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің жұмысшылары мен еріктілер де тартылды.

Ибрагим Күлшімбаев, облыстық ТЖД басшысы:

– 10 пәтерлік подъезде 25 адам тұратын аман қалған адамдарды қазір жергілікті атқарушы орган мамандары қауіпсіз жерге көшіріп, орналастырып жатыр.

Апатқа байланысты құрылған комиссияны облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков басқарады. Қазір Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетіне жылыту қазандықтарының жарылуына не себеп болғанын анықтайтын білікті маман жіберу хаты жолданды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қаражат та бөлінді.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыс әкімі:

– Қаза болған, зардап шеккен отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп, оларды жерлеу жұмыстарын ұйымдастыратын боламыз. Мұндағы бірнеше тұрғын үй жеке қазандықтан жылу алып отыр. Бұл қазандықтарды орнатқан мамандар келіп, қызмет көрсетіп отырған.

Жарылыстың қандай жағдайда орын алғандығын арнайы комиссия анықтайтын болады. Қазір апат орнында жұмыс жалғасып жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз