Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Шұғыл ақпарат: Бұқтырма және Шүлбі бөгендеріндегі су көлемі артып келеді

Ағымдағы жылдың 21 маусымында Шығыс Қазақстан облысының әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайға байланысты жиналыс өткен болатын. Осы жиналыста Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларынан 2016 жылдың 21 маусымнан 3 шілдеге дейін су тастау кестесі  жасалынған.

Кестеге сәйкес, Бұқтырма бөгенінен 2500 м3/сек, Шүлбі бөгенінен 3000 м3/сек дейін суды тастау жоспарланған болатын. Бұл іс-шара артылған суды азайтып, бөгендердің қауіпсіз қалпында сақтап қалуына бағытталған болатын.

«Алайда, 24 маусымда Бұқтырма және Өскемен бөгендерінен су тастау мөлшері 1900 м3/сек дейін азайтылды. Су аз жылдары бөгеннің жағалауында түрлі демалыс орындары соғылған. Ал 90-шы жылдардың соңына қарай бақылаусыз құрылыстар соғылуы орын тапқанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде, судың қалыпты жағдайдан төмен орналасқан жерлерде салынған нысандар су астында қалды»

делінген баспасөз баянында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз