Оңтүстіктің тәртіп сақшылары букмекерлік кеңсеге жасалған шабуылға қатысты қылмыстың бетін ашты.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылдың 17-қазанда түнде Отырар аудандық ішкі істер департаментіне Шәуілдір ауылындағы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалғандығы туралы хабар келіп түсті.
Шамамен сағат 23:30-да бетіне бетперде киген бейтаныс үш қыздың букмекерлік кеңсеге баса көктеп кіріп, қолындағы пышаққа ұқсас суық қарумен кассирді қорқытып, шамамен 350 мың теңгені алып, іздерін суытқан.
Бірақ букмекерлік кеңсенің сыртында орналасқан бейнетаспаның арқасында полиция қызметкерлері қысқа уақыт ішінде бұзақылардың ізіне түскен.
Бұл факт Отырар аудандық ішкі істер департаментінің Бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына, яғни „Бұзақылық„ бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.