Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ШҚО-да пайдаланылмаған 984,3 мың гектар жер анықталды

Қайтарылып алынған аумақтың 81 пайыз бөлігі қайта ауыл шаруашылығы мақсатында пайланылып келеді. Құзырлы органның қатаң қадағалауына суармалы алқаптар да алынған.

– Үлкен аумақты суармалы алқаптар ұзақ мерзімге жалға беріліп, артынан игерілмей жатады. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасы бойынша сондай алқаптар анықталып, қайтарылып алынып, игеремін деген кәсіпкерлерге берілуде, – деді ШҚО Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернар Бексұлтанов.

Үржар ауданында 4,6 мың га, Зайсан ауданында 1,2 мың га, Тарбағатай ауданында 1,0 мың га жер мемелкеттік меншік қарамағына қайтарылды.

Аталған аумақтар инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өзге жер иеленушілерге берілетін болады. Соның ішіндегі Үржар ауданындағы жерге құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз