Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Үш ағайындыны өлтірді деген басты күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Еске сала кетейік, Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Әлімхан Қадылбек биыл Ұзынағаш маңында өлтірілген болатын. Қылмысқа қатысы бар осы ауылдың екі тұрғыны күдікті деп танылды. Олар – Талғат Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаев. Сондай-ақ, сот отырысына ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов та қатысты.

Осы істегі басты фигуранттардың бірі Талғат Сүлейманов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Оның сыбайласы Мұрат Оңалбаев болса, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Мұрат Оңалбаев жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

Ал “қылмыс туралы хабарламағаны үшін” айыпталған сол ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, 25-қарашада өткен сот отырысында қаза болғандардың туыстарының моральдық және материалдық шығын ретінде 50 миллион теңге өндіріп алмақшы екені белгілі болды. Алайда басты күдікті Сүлейманов мұндай ақшаның жоқ екенін, өтемақыны төлей алмайтынын айтты.

Айта кетейік, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілері бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз